Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 4 адам тіркелді
Вирусты жұқтырудың 1 дерегі Қызылорда қаласында, 2 жағдайы Арал ауданында және 1 дерек Шиелі ауданында тіркелді. 1989, 1970, 1983 және 1944 жылы туған азаматтар.
4 науқас та денсаулық жағдайларына байланысты шағымымен өздігінен медициналық көмекке жүгінген. ПТР анализдері алынып, зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда. 07.06.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқты.