Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫБүгін аудан әкімі Абзал Мұхимовтың төрағалығымен санитарлық штабтың мәжілісі өтті.
Мәжіліске қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде көктемгі көркейту көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар қаралды. Аудандағы 5 мөлтек ауданның тазалығын қамтамасыз ету бағытында жасалған жұмыстарға жетекшілер тоқталып, баяндама жасады. 
Аудан әкімінің өкімімен тазалық айлығы басталғаннан бері 5 рет сенбілік жұмыстары жүргізіліп, аудан тазалығы назарға алынды. Шығарылған күл-қоқыстарды арнайы орынға жеткізу үшін «Арал құрылыс» және «Арал тынысы» ЖШС-нің техникалары жұмылдырылып отыр. Жиын соңында аудан әкімі бірқатар сала басшылары мен ауылдық окург әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: