Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында Астана күні мерекесі қарсаңында «Нұр Отан» партиясында бірқатар азаматтарға партияға мүшелікке қабылданған азаматтарға куәліктер табыс етілді.
Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы түрлі салада қызмет атқаратын азаматтарға салтанатты түрде «Нұр Отан» партиясының мүшелік куәлігін табыстады.
Шара барысында «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданушы №3 Қызылорда қалалық емханасының бас дәрігері Гүлстан Мақсұтова сенім білдіргені үшін партияға алғысын білдірді.
Сондай-ақ партия ардагері Сайлаубек Әбішов партияның қәзіргі таңдағы беделі мен атқарып жатқан жұмыс барысына тоқталып өтіп, партия қатарына қабылданған азаматтарды құттықтап, сәттілік тіледі.