«Жұлдыздарға қара» жобасы үш ай бойы Қазақстанның барлық аймақтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында да өткізілді.
Мүгедек-кәсіпкерлердің бизнес-идеясын жүзеге асыруларына берілетін ақшалай бір гранттың сомасы 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көбейтіліп, әрбір аймаққа 3 гранттан бөлінген. Тек Қызылорда облысы ғана 4 жеңімпазы анықталған жалғыз аймақ болып отыр.
«Жұлдыздарға қара» жобасы аясында қаржыландыруға қолдау тапқан жеңімпаздың бірі Әйтеке би кентінің тұрғыны Бақытжан Жақсылықов болды.
Бес баланың әкесі, 3-топ мүгедегі Бақытжан Жақсылықов жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ұста қызметін көрсете бастады. «Даму» Қоры мен «Құс жолы» қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі кәсіпкердің жобасын мақұлдап, оған ағаш жону станогы мен басқа да бизнесін дамытуға қажетті құрал-жабдықтар алып берді.