Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарына жастарды көркейту көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартуды ұйымдастыру мақсатында «Қалалық оқушылар үйі» аумағына «Біз таза қала үшін!» ұранымен экологиялық акция өткізілді.
Бұл акцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары, «Болашақ» университеті, «Қорқыт ата атындағы КМУ-і» және Кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындарының студенттері белсенділік танытты. Акция барысында жастардың демалыс саябағына айналған мекенді толықтай қоқыстан арылтты. Туған қаланың тазалығына үлес қосатын осы секілді сенбіліктер және экологиялық акциялар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Сонымен қатар қала тұрғындары мен жастарды сенбіліктерге үн қосуға шақырамыз.