Бүгін аудан әкімі Нажмадин Шамұратов Қарттар күні мерекесіне орай ардагелерге құрмет көрсетті.
Қазалылық ардагерлер қауымы «Наурыз» мейрамханасындағы мерекелік дастарханда бас қосты. Аудан басшысы құттықтау сөзінде «Сіздер көптеген қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, өмір белестерін абыроймен бағындырдыңыздар. Отан басына қиын күн туғанда қолға қару алып, қорғадыңыздар. Біз сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында қазір тыныштық пен тату өмір сүрудеміз. Отбасыларыңызға татулық пен байлық , өздеріңізге денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін» - деді. Одан соң ел дамуына лайықты үлес қосқан қарттар мерекелік Алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.