Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАЛА БАҚЫЛАУСЫЗ ҚАЛМАУЫ ТИІС

БАЛА БАҚЫЛАУСЫЗ ҚАЛМАУЫ ТИІСАрал аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау жөнінде жиын өтті.
Аудан прокурорының орынбасары Еркебұлан Ерланұлының төрағалығымен өткен жиынға мектеп оқушылары мен ұстаздар, ішкі істер бөлімі қызметкері, мектеп инспекторлары қатысты. Қоғамның түйіткілді мәселесіне айналып отырған басты мәселені көтерген жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен жыныстық қол сұғушылық, балаларға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерінің орын алу себептері кеңінен тарқатылып айтылды.
Аталмыш қылмыстардың алдын алу бағытында аудан прокурорының орынбасары Еркебұлан Ерланұлы және мектеп инспекторы Г.Есенжолова заң аясында баяндамалар жасады. Сонымен қатар, экран арқылы арнайы дайындалған жадынама бейне роликтер көрсетілді.
Нұрлы болашаққа бастар бүгінгі ұрпақтың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуді мақсат еткен заң қызметкерлері арнайы кездесуде ата-аналар немесе тәрбилеушілер, сондай-ақ мектеп мұғалімдері мен оқу орындарының оқытушылары баланың күнделікті тәртібін, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта олардың мінез-құлқы мен жұмысбастылығын бақылауды, ғаламтор желелеріндегі порнографиялық сайттарға кіруге жол бермеуге, олармен жыныстық өмірі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыру керектерін баса айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: