Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА КӘСІПОРЫНДАРҒА ПРЕСС-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 

Қызылорда қаласында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға баспасөз туры ұйымдастырылды.
Республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері үш жеке кәсіпкерлік субъектілерін аралап, олардың жұмысымен танысты.
Журналистер алғашқы болып өңірдегі қаңылтыр (профнастил) шығаратын жалғыз кәсіпорын «Қызылорда Строй Монтаж» БК ЖШС жұмысымен танысты. Негізі қаланған уақыттан бері түрлі металл өнімдері мен цемент сату компанияның негізгі қызметі болып табылатын, алайда осы жылдан бастап кәсіпорын қаңылтыр (профнастил) шығаруды қолға алды. Соңғы жылдары Қызылордада құрылыс зор қарқын алды, мөлтек аудандар мен нысандар тұрғызылу нәтижесінде құрылыс материалдарына сұраныс артуда. Металл өнімдеріне қажеттілік түрлі өңдеуші өнеркәсіп салаларында байқалады. «Қызылорда Строй Монтаж» БК ЖШС директоры Ким Александрдың сөзінше, Қызылордада қаңылтыр (профнастил) сатумен бірнеше компаниялар айналысады, бірақ оны өндіруші зауыттар облыста жоқ. Жергілікті нарықта сатылатын өнімнің барлығы басқа аймақтардан жеткізіледі. Міне сондықтан да, кәсіпкер металлпрофил бағытында жұмыс жасайтын цех ашуды жөн көрді. Бұл жоспар «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асып, кәсіпорынға «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 14% жылдық үстемемен 92 млн.теңге көлемінде несие қаражаты берілді. Сонымен қатар, компанияның қарыздық ауыртпашылығы мемлекет есебінен 4%-ға дейін төмендетілді. Несие қаражатын кәсіпорын қаңылтыр (профнастил) шығаратын автоматтандырылған құрылғы мен дайын өнімді тасымалдауға арналған арнайы техника сатып алуға жұмсады және айналым қаражатын да толықтырды. Бүгінде компания өзге құрылыс материалдарын өндіретін желіні іске қосу мақсатында қосымша қаржыландыруға қол жеткізу үшін құжаттар пакетін жинақтауда және ол өз кезегінде шығатын өнімді түрлендіруі мен жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.   
Бизнестегі жеткен жетістіктері жайында журналистерге іскер бастауыш кәсіпкер, сондай-ақ Қызылордада жалғыз және бірегей кардиологиялық клиника ашқан Жаңабай Рысбаев баяндады.  Өз клиникасын ашпас бұрын ол мемлекеттік ауруханада 30 жыл қызмет атқарды. Жеке бизнесін бастау мүмкіндігі кәсіпкерге 55 жасында туды, әрі осы салада оның жұбайы компания менеджментін қолға алып, өз көмегін тигізуде. Жаңабай Рысбаевтың байқауынша, аймақта ақылы медициналық қызмет бизнес ретінде жылдам дамуда, алайда ешбір жеке клиника жүрек ауруларына аса көңіл бөліп, соған бағытталған жұмыс жасамайды.  Жаңабай Рысбаевтың кардио-орталығы  кардиология саласында кеңестік, диагностикалық және емдік көмек секілді барлық қажетті қызметті көрсетеді. Мұнда тек диагностика жасап қана қоймай, күндізгі стационар базасында емдеу шаралары да ұсынылады. Жақын аралықта клиника ұсынатын қызмет түрлерін арттыруға мүмкіндік берген жаңа диагностикалық ультрадыбыс стационары жүйесіне қол жеткізді. Құрал-жабдықтар сатып алу үшін кәсіпкер бастауыш кәсіпкер  лерді қаржыландыруға бағытталған арнайы бағдарламаға қатысты. «Даму» Қоры «КардиоМед» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында банктен несие алу үшін қажет болған 85% кепілдемесін ұсынды. Сонымен қатар компания несиесінің үстеме пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады. 
Мемлекет қолдауы арқылы бизнесін әртараптандырып, жаңа өндірісті іске қосқан «Фирма Best-Service LTD» ЖШС 6% жылдық үстемемені өңдеуші өнеркәсіптегі ШОБ қолдау бағдарламасы аясында «ForteBank» АҚ несие рәсімдеді. Қаржы ресурстары тағамдық азық-түлікті жылдам мұздататын өндірістік мұздатқыш камералары, кондитерлік және ет өнімдерін шығаруға арналған құралдар желісін және дайын өнімді тасымалдау мен жеткізуге арналған автокөлік сатып алуға жұмсады. Кепілмүлкі жетіспеушілігі мәселесін компания «Даму» Қорының 50 % кепілдендіру құралы аясында шешіп, банктен несие рәсімдеді. «Фирма Best-Service LTD» ЖШС негізгі қызмет бағыты ет, кондитерлік және нан өнімдерін шығаруды ұйымдастыру. Бүгінгі таңда ет өнімдерін өңдеу саласы бойынша аймақта бес компания жұмыс жасауда. Ішкі нарықтағы үлкен дефицит жобаның табысты жүзеге асуының және осы бағытта компания дамуының кепілі болатыны анық. Мекеменің өндірістік базасында  ет,балық,көкөніс, кондитерлік, сүрлейтін, жартылай дайын өнім шағаратын және тұшпара цехтары жұмыс жасайдыкеме басшысы өндіріс басқаруға және қызметкерлерді оқытуға арнайы технолог мамандарын Украина елінен шақыртып, кәсібін дөңгелетуде.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асқан уақыттан бастап барлығы Қызылорда облысы бойынша жалпы сомасы 24,5 млрд.теңге болатын 373 кәсіпкердің жобалары қолдау тапты. Соның ішінде 131 кәсіпкерік субъектісі несие алу үшін «Даму» Қорының кепілдендіру құралына жүгінді. Кәсіпкерлердің несиелері бойынша төленген субсидияның жалпы сомасы 2,843 млрд.теңгені құрап отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: