Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Рұқсатсыз көлік айдаған қарауыл құтқарылды

Рұқсатсыз көлік айдаған қарауыл құтқарылдыЖақында "Оңтүстік аймақтық аэромобильдік жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесіне Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті кезекшісінен хабар келіп түсті. Онда Мұстафа Шоқай көшесінің бойында орналасқан "Промстройсервис" ЖШС базасында "КамАЗ" жүк көлігінің кабинасында юір азаматтың қыстырылып қалғаны айтылған. 
Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті. Белгілі болғанындай, серіктестік қарауылы басшылықтың келісімінсіз жүк көлігінің рөліне отырып алған. Соданк ейін серіктестікке қарайтына аумақта көлікті жүргізген. Осылай жүріп қойма ғимаратына келіп соқтыққан. Соның салдарынан көлік кабинасы майысып, оның кабинадан шығуына қиындық туығызған. Құтқарушылар өз әрекеттеріне кірісіп, оны аман-сау құтқарып қалды.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: