Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

 

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Әділет органдары көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 
Олардың ішінде 5 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана М.Ильжанова мен  6 бала тәрбиелеп отырған Н.Жасмамбетова бар. Осы екі отбасы азық-түлікпен қамтылып, оларға мереке қарсаңына сыйлық ретінде планшет табысталды және   І топ мүгедегі А.Шайманованың үйіне көмір түсірілді. 
«Қайырлы істің қайтымы бар» демекші, осылайша департамент қызметкерлері Тәуелсіздігіміздің торқалы тойы алдында қам көңіл жандарды бір қуантып тастады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: