Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАЛАҒАШТА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ЖАЛАҒАШТА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 

Жалағаштағы Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет Үйінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара өткізілді. 
Салтанатты жиында аудан әкімі Т.Дүйсебаев мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, аудан тұрғындарына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күнінен бастап Жалағаш ауданының ширек ғасырда қол жеткізген толайым жетістіктерін тізбектеп өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық, саяси, ғылыми және мәдени дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалін салтанатты түрде тапсырды. Сондай-ақ, бірқатар сала үздіктері мен ардагерлерге Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың Құрмет Грамотасын табыстады. Айтулы мереке қарсаңында ауданымыздың дамуына аянбай еңбек етіп, өз үлестерін қосқан 11 азамат пен азаматшаларға "Жалағаш ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді. Салтанатты шара мәдениет үйі қызметкерлері мен аудан өнерпаздары ұсынған мерекелік концертпен жалғасты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: