Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА АПАТТЫҚ ҮЙЛЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА АПАТТЫҚ ҮЙЛЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІБайқасаңыздар жаңа жылдың басында Қарағанды облысы облысы, Шахан елді мекеніндегі төтенше жағдайға байланысты аймақтарда тұрғын үйлердің жай-күйі туралы әлеуметтік желіде, БАҚ беттерінде талқылана бастады.
Бұл ретте біріншіден, Қарағандыдағы оқиға төтенше жағдай деп танылады. Себебі, оқиға жер төледегі жылу қазандығының жарылуынан орын алған. Тұрғын үй апаттық деп танылмаған. 
Екіншіден, ғимараттарды "апаттық" деп тануды заң бойынша тек акредиттелген заңды тұлғалар ғана жүзеге асыра алады. Яғни, ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-4-бабы 5 тармағы талабына сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындауға арналған аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы, сондай-ақ конструктивтік бөлік мамандануы бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жасау бойынша аттестатқа ие бір сарапшысы, бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі қызметті жүзеге асыратын инженер-геодезисі бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізеді деп көрсетілген. Бұл ретте тұрғындар тұрғын үй "апатты" деп танылған жағдайда ғана тиісті құжаттарын ұсына отырып, тұрғын үй кезегіне тұра алады.
Ал, Қызылорда қаласы бойынша соңғы 3 жылда апаттық үй тұрғындары ретінде кезекте тұрған 204 отбасына жаңа пәтерлер табысталған. Алдағы уақытта да осындай үйдің тұрғындарына арналған 60 пәтерлік 2 үйдің (120 пәтер) құрылысын жүргізу жоспарлануда. Сондықтан, Қызылорда қаласында бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде деуге толық негіз бар.

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: