Қазантаев көшесінде (Әуезов көшесінен Қонаев көшесіне дейін) ауыз су жүйесінде ақау орын алуына байланысты 2018 жылдың 4 қазан күні сағат 10:00-ден сағат 15:00-ге дейін аталған аумақта ауыз су берілу уақытша тоқтатылады.
ЯҒНИ,Қазантаев көшесінде, Қазыбек би көшесінен – «Аль-Асад» сауда орталығына дейін, А.Тоқмағанбетов көшесіндегі № 1 үйде және «Шаңырақ» мейрамханасында уақытша су болмайды.
Қаланың басқа аудандарына ауыз су бірқалыпты үздіксіз беріледі.
Тұтынушылардан қажетті ауыз су көлемін жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.