Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КҮЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ


Қызылорда қаласының білім бөліміне қарасты «Нұрбесік» балабақшасыында күз мерекесіне арналған іс-шара болып өтті.
Шараға ата-аналар мен қонақтар шақырылды. Шараның басты мақсаты – тәрбиеленушілер санасына күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін жеткізіп, оларды ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелей отырып, балаларды ән салуға, би билеуге түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Ата-аналар қауымымен тығыз қарым-қатынаста болу. Шараны балабақша меңгерушісі Г.Шерімбетова мерекелік іс-шараны ашып, құттықтау сөз сөйледі. Әр топтың балғындары «Алтын күз келді бақшама» атты ертеңгілікке белсенділікпен қатысты. Алтын күзге байланысты тақпақтарын үш тілде айтып, бау-бақшаның жемістеріне байланысты қойылған жұмбақтарды шешіп, күзге арналған көріністерін көрсетті.
Бұдан әрі шара жеміс-жидектерден жасалған көрмемен жалғасты. Онда «Балдырған», «Құлыншақ», «Ботақан» тобының бүлдіршіндері мен ересек топтың тәрбиешілері және ата-аналарының көмегімен бау-бақшадан жиналған жемістерді пайдалана отырып, ой-қиялдарымен жасаған түрлі бұйымдары, өз қолдарымен салған суреттері қойылып, баршаның назарына ұсынылды. Түрлі дүниелерді дайындап қана қоймай, жасалынған заттарды әр топтың тәрбиешілері жекелей таныстырып, жұмыстарын қорғай білді. «Балдырған» ересектердің тобының бүлдіршіндері «Дәрумендер» атты көрініс көрсетсе, «Құлыншақ» ортаңғы тобының бүлдіршіндері « Көкөністер » атты ойынын ағылшын тілінде көкөністердің атын атап шықты. « Ботақан»2-ші тобының бүлдіршіндері «Жемістер» сайысын өткізді. Балғындардың балдай тәтті тілдерімен орындаған әсем әндерін, мың бұрала билеген билерін, басқа да өнерлерін тамашалаған ата-аналардың жүздеріне күлкі үйіріліп, ата-аналар «Нұрбесік» балабақша ұжымына алғыстарын білдірді. Сондай-ақ қатысушы балалар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: