Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІ БЕКҰЗАҚ ТӘҢІРБЕРГЕНОВТІҢ РУХЫН ҰЛЫҚТАДЫ


А.Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде айтыскер ақын, жыршы, термеші Бекұзақ Тәңірбергеновтің туғанына 60 жыл толуына орай «Қайым айтыс Құлагері» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.
Мазмұнды шараны Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, Астананың 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында Белкөл кенті әкімі аппаратына қарасты «Белкөл кентінің клубы» КМҚК ұйымдастырды. Алдымен, кент әкімі Тастайбек Мұсабаев сөз сөйлеп, жас ақындарға сәттілік тіледі.
Айтысқа Қызылорда қаласынан, Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан 14-25 жас аралығындағы 12 ақын қатысты. Бағалау қорытындысымен бас жүлдені қазалылық Нұрзат Қару иеленді. 1-орынды қазалылық Өміртай Есебаев, 2-орынды шиелілік Мейрамбек Ибрагим, 3-орынды Бекжан Ержігіт өзара бөлісті. Айыскер ақын, қазылар алқасының төрағасы, Бекұзақ Тәңірбергеновтің досы Серік Ыдырысов қазалылық Бекзат Серіковке арнайы сыйлығын табыстады.
Жыр додасына айтыскер ақын, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Серік Ыдырысов, айтыскер ақын Мамыр Байдәулетов және Бекұзақ Тәңірбергеновтың ұлы, ақын Ұлықбек Тәңірбергеновтер қазылық жасады. Өз кезегінде ақынның ұлы ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Айтысты айтыскер ақын, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов жүргізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: