Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шуағын шашқан Қызылорда


А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған «Шуағын шашқан Қызылорда» атты фото көрме ұйымдастырылып, кітапхана оқырмандарына насихатталды.
Мақсаты: оқырмандарды сүйікті қаламыздың 200 жылдық терең тарихымен таныстыру, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Екі ғасырлық шежіресі тарих беттеріне қатталған Қызылорда соңғы уақытта өзгеше күйге еніп, бүгінгі заманға сай келбетке ие бола бастады. Әлемдегі бірқатар мемлекеттердің астаналары өзеннің екі бетін ала орналасқан. Мәселен, жауһар қала Париж Сена өзенінің, Лондон Темза өзенінің қос жағалауында. Ал ел жүрегі - Астана Есіл өзенінің екі жағалауында бой түзеуде. Сол ару қала Астанаға қарап бой түзеп келе жатқан, дамудың жарқын жолына түскен шаһарлардың бірі де біргейі біздің сүйікті қаламыз – Қызылорда. 200 жыл бойы ұлы өзеннің оң жағасында дамыған шаһар бүгінгі таңда сол жағалауда да өз тіршілігін жалғастырып жатыр. Қала келбетіне көрік қосатын түрлі ғимараттар, нысандар, саябақтар, гүлзарлар, ойын-сауық орталықтары әрбір қызылордалықтың «Қызылорда – менің қалам, менің өсіп-өнген жерім» деп мақтанышпен айтатын құтты мекеніне айналған дәрежеде десек артық айтқандық емес.
Осы орайда кітапхана фойесінде ұйымдастырылған фото көрмеден оқырмандар қаламыздың тарихымен, бүгінгі тұрмыс – тіршілігімен, жайнаған, жасарған қаламыздың жаңа келбетімен танысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: