Облыс орталығындағы көшелер мен нысандарды дезинфекциялау жұмыстары басталды
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы №66597 әскери бөлімімен бірлесіп, облыс орталығындағы көшелер мен нысандарды дезинфекциялауға кірісті.
Залалсыздандыру жұмыстарына жеке құрамның 50 сарбазы жұмылған. Қауіпті індеттің таралуын болдырмау мақсатында Қорғаныс министрлігінің қорындағы арнайы сұйықтық қолданылуда. Сондай-ақ, облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жедел штаб отырысында берген тапсырмасына сәйкес №66597 әскери бөлімі карантиндік шараларға қажетті жеке қорғану құралдарының есебін нақтылап, жұмылдыру дайындығы басқармасына ұсынды. Аймақ қазынасынан қосымша қаражат бөлініп, қосымша дезинфекциялық сұйықтық пен басқа да жабдықтар сатып алынды.