Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерді қолдау қалай жүргізіледі?
Елімізде жарияланған төтенше жағдай аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларын түсіндіру мақсатында өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ф. Қожабергенов, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Б. Нұриддинов, өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасарлары Қ. Ілиясов пен С. Құлмаханжәне қала аумағында орналасқан ірі сауда нысандарының басшылары қатысты.
Кездесу барысында төтенше жағдай кезінде барлық нысандарда санитарлық және дезинфекциялық шаралардың қатаң сақталуы және шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік,квазимемлекеттік және коммерциялық нысандарды жалға алу төлемдеріне жеңілдіктер ұсыну мүмкіндіктері талқыланды.
Өз кезегінде ірі сауда нысандарының басшылары сауда орындарын жалға алушы кәсіпкерлерге жалға алу төлемдері бойынша жеңілдіктер ұсыну мүмкіндігін қарастыратындығын хабарлады. Алдағы уақытта барлық ұсыныстар «Атамекен» ҰКП-на және орталық атқарушы органдарға жолданып тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.