Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағаш ауданында өндіріске қажетті каска шығарылады

Жалағаш ауданындағы аграрлы индустриалды аймағында орналасқан «Өркен Әлем» ЖШС-нің арнайы киім тігу және каска дайындау цехы өз өнімдерімен тұтынушылар арасында жақсы танымал.
Кәсіпорын 2017 жылы ақпанда жеке қаражат есебінен іске қосылған. Қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған цехта 45 адам жұмыс істейді.
2019 жылы 5000 дана броньды кеудеше, 2000 дана каскаға арналған бүркемеге тапсырыс орындаған. 2020 жылы 4840 дана броньды кеудешеге тапсырыс түскен. Цехтың жылдық қуаттылығы - 7500 данаға дейін броньды кеудеше, 15000 данаға дейін әскери каска, 500 дана арнайы киімдер (противоосколочный костюм) тігу.
Цех аумағынан құны 80 млн. теңгені құрайтын арнайы каска дайындау цехы жұмыс істеуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: