Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада Армениядан жеткізілген 447 көлік тіркелген

Өңірде Армения Республикасынан әкелінген 447 көлік тіркелген. Оның 116-ның басқару жүйесі оң жақта орналасқан. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов мәлімдеді.
 
-  Елімізге әкелінген басқару жүйесі сол жақта орналасқан көліктерді тіркеуге қою жұмыстары жүргізілуде. Көлік құралдарын тіркеу үшін басқару жүйесі оң жақтан сол жаққа ауыстырылғандығы жөнінде арнайы мекемелерден көлік құралдарының конструкциясына енгізілген туралы растайтын куәлік алу керек. Көрсетілген куәлікті алу үшін көлік құралдарының жарық шамдарының, әйнек тазалағыштарының трапециясының ауысуы, жүргізуші орындығының жоғары, төмен реттелу мүмкіндігі және басқару жүйесінің тартпасы ауысу қажет.  Куәлікті Алматы және Қостанай қалаларында алуға болады.Сондай-ақ, басқару жүйесі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған көлік құралдарының тіркеу мерзімінің ұзартылуы Ішкі істер министрлігімен қарастырылуда.  Бұған қоса, 1-ші қыркүйектен кейін Армениядан әкелінген көлік құралдарын кеден баждары мен ҚР Салық кодексіне сәйкес төленетін барлық алымдар мен төлемдер жүргізілгеннен соң тіркейді,-деді  Шамшидин Егенбердіұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: