Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Адам қай жаста бақытсыз болатыны анықталды

Дартмут колледжі мен Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының ғалымдары (АҚШ) адам өмірінің ең бақытсыз кезеңін қай жаста өткеретінін анықтады. Зерттеу материалдары бар құжат бюроның сайтында орналастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылар 132 елдің мәліметтерін жинап, зерттеу жасады. Әр түрлі жастағы адамдардан өмірге қанағаттанушылық деңгейін бағалау сұралды. Адам өміріндегі ең бақытты кезең 18-20 жасқа сәйкес келеді. Содан кейін жағдай нашарлайды және шамамен 47-48 жаста бақытсыздыққа ұшырайды.
Дамыған елдердің тұрғындары 47 жасында, дамушы елдерде 48 жасында, ал Ресейде, Қытай мен Мексикада 43 жасында дағдарысқа ұшырайды. Бұл күй 60 жасқа дейін созылады. Содан кейін өрлеу басталады және 70 жасында қайтадан өмірден ләззат ала бастайды. 
Зерттеушілер бұл сыртқы факторларға емес, ағзадағы биохимиялық процестерге және гормондардың деңгейіне байланысты екенін баса айтты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: