Жиырма жыл бойы қазақ халқының ерке қызы болып келген Ақбота Керімбекованың намысын таптаған кімдер?
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Oybay show" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұхит Сапарбаевпен өткен сұхбатында Ақбота Керімбекова ашылып сұхбат берді.
Өмірде нені кешіре алмайсыз деген сұраққа: "Өмірде ең жек көретін кешіре алмайтын нәрсем ол - өтірік айту" -деп жауап берді.
- Ақбота Керімбекова төртінші рет тұрмысқа шықты деген сөз қаншалықты рас?
- "Осындай әңгімелерді кім таратады екен соны түсінбеймін. Мүмкін қасымда жүрген адамдар шығар. Біреу қате түсініп қалып арты-артынан өсекке айналып айтылатын шығар. Мен төртінші рет тұрмысқа шықсам өзім-ақ айтамын жасырмаймын. Өйткені ол менің өз өмірім.Менің бақытым, менің қызығым, менің шыжығым. Мен оны не үшін жасырамын. Мен төртінші рет тұрмысқа шыққан жоқпын."- деп жауап берді.
"Әрине жалғыздық Аллаға жарасқан. Кім болса да өз жүрегінің жартысын тапқанын қалайды. Ол уақыттың еншісінде, сол себепті мен мынандай жігіт армандаймын, күтемін деген жоспарымда жоқ." - деп қауесетке нүкте қойды.