Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қызылордағы спорттық би сайысына 2000 жас қатысты

Облыс  көлемінде  орта  және  арнаулы  білім беру орындарының арасында  «Берік  отбасы  есірткіден  алыс!» деген ұранымен черлидинг спорттық би түрінен сайыс  өтті. «Бұл шара Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі №451 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасының талаптарын  орындау  мақсатында өткізілді» деп хабарлайды Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.  

 

Қызылордағы спорттық би сайысына 2000 жас қатысты

 

Сайыстың  мақсаты –  жастар  мен  жасөспірімдердің  бос  уақытын  тиімді  пайдалануға  шақыру,  салауатты  өмір  салтын  қалыптастырып, қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру болып  табылды. Сайысқа облыс көлеміндегі білім беру орындарының студент жастарынан жасақталған 86 команда  (2000  астам оқушы,  студент)  қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар дене қимылдарының ширақтығы, команда арасында  байланыстың болуы, би қимылдарының синхронды жасалуы, қимылдар  мен  музыкалық  сүйемелдеудің ұтымды  таңдалуы,  әртістік  қабілет, сыртқы пішіннің  би мәнеріне сәй келуі сынды талаптар бойынша бағаланды.
Аталмыш спорт бәсекесінің қорытындысы бойынша үздік деп танылған  Қызылорда  қаласы №3 мектеп-лицейінің командасы бірінші орынды иеленсе,  Қармақшы  ауданының  №199  орта  мектебінің командасы 2-орынды,  Шиелі  ауданының   №48  орта  мектебінің командасы 3-орынды қанжығаларына байлады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: