Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Мәдениет ауылында мерейтой аталып өтті

Мәдениет ауылында мерейтой аталып өттіЖалағаш ауданы Мәдениет ауылында "Тұғыры биік тұлға" атауымен осы елді мекеннің тумасы, қоғам қайраткері Ілияс Қабыловтың туғанына 110 жыл толуына және Мәдениет ауылындағы №32 орта мектептің 90 жылдығына орай танымдық кеш болып өтті.
Аталған кеш І.Қабыловтың бюстіне гүл шоқтарын қоюмен басталып, ол кісінің өміріне арналған көрмемен жалғасты. Сонан соң дарынды тұлғаның мағыналы ғұмырын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында бейнеролик көрсетіліп, келген қонақтар арнайы баяндамалар жасады. Шара соңы мектеп оқушылары әзірлеген концертке ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: