Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, белсенді азаматтық ұстанымы мен көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Біз бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты үздік шығарма жазудан шығармашылық сайыс өткізілді.
Сайысқа колледждің 80 студенті қатысты. Шығарма авторларының арасында сыбайлас жемқорлық мәселесіне немқұрайлы қараушылар болмады. Студенттер өз шығармаларында белсенді азаматтық ұстаным мен жауапкершілікті көрсете білді. Кейбір шығармалар суреттермен безендірілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері сайыстың нәтижесін қорытындылап, үздік шығармаларды таңдады. Департамент басшылығының атынан грамота және алғыс хаттармен сайыс нәтижесі бойынша үздік шығармалардың авторлары болып танылған – 3-ші курс студенті Абылай Еркебұлан, 1-ші курс студенттері Зейнулла Ұлпан, Аманоллаев Бексұлтан марапатталды.