Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫДА ОРЫС ТІЛІНІҢ ҮЗДІГІ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА ОРЫС ТІЛІНІҢ ҮЗДІГІ АНЫҚТАЛДЫҚазалы ауданында «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің аудандық іріктеу байқауы өткізілді. 
Бұл шара қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін таныту және оны оқуға ынталандыру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылды. 
Сайысқа 18-22 жас аралығындағы 10-ға жуық талапкер қатысты. Байқау шарты бойынша қатысушылар орыс тілінің лексика-грамматикасын білуге арналған тест, викториналық сұрақтарға жауап беру, таңдаған тақырыптарында эссе жазу және кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу тапсырмаларын орындап, өзара сынға түсті.
Нәтижесінде І орынды №70 мектептен қатысқан Әсел Исабаева жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы Диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: