Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АРАЛДА БҮЛДІРШІНДЕР КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

АРАЛДА БҮЛДІРШІНДЕР КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

 

Арал өңірінде балалар мерекесіне орай өткізілген мерекелік концертте балабақшалар мен бөбекжайлар қолөнер және сурет көрмесін ұйымдастырды. 
Халықтың сәндік-қолданбалы қолөнеріне мектепке дейінгі жастағы балаларды баулу өнерді сүюге тәрбиелеуде ең маңызды құрал болып табылады. Балаларға сәби кезінен халық мұраларын, өз жерін қастерлеуді үйретсек, олардың ертең өз елінің нағыз азаматтары болып өсуіне қосқан зор үлес болмақ. Бүгінгі көрменің көздеген мақсаты мен мәні де осында. 
Көрмеде орын алған балалар мен тәрбиешілердің қолынан шыққан бұйымдар мен көркем суреттер, түрлі -түсті оюлар мен өрнектер көз тартпай қоймайды. Балалық шаққа саяхат жасап, қиял әлеміне жетелеген көрме баршаға рухани азық сыйлап, таңдай қақтырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: