Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАҚСТАН ТЕАТРЛАР АССОЦИАЦИЯСЫ ҚҰРЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ТЕАТРЛАР АССОЦИАЦИЯСЫ ҚҰРЫЛДЫ

 

Қазақстанда жаңа «Қазақстан театрлар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ассоциацияның президенті болып М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық әртісі, мемлекеттік жүлделердің лауреаты, «М. Ломоносов» орденінің кавалері, «Отан» және «Достық» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов сайланды.
Жаңа «Қазақстан театрлар ассоциациясы» театр қоғамдастығының құрылуы туралы жетекші қазақстандық театрлардың басшылары жарилады. Бұл шешімді қолдаған Қазақстанның жетекші театрларының басшылары қатарында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, М. Лермонтов атындағы орыстың мемлекеттік академиялық драма театры, Мемлекеттік республикалық кәріс музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, Республикалық неміс драма театры және т.б. басшылары бар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік республикалық театрлары құрылтай жиналысының шешімінде: «Біз «Қазақстан театрлар ассоциациясының» мақсаттары мен міндеттері заман талабына сай болып, Қазақстан театр қауымдастығына қолдау көрсете отырып, халықаралық деңгейде рухани бай мәдениетімізді жан-жақты көрсететіндін мәлімдейміз», - деп жазылған. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: