ТӨРЕҒАЛИДІҢ ЖАҢА БЕЙНЕБАЯНЫНДАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ЕРСІ ҚЫЛЫҒЫН ЖҰРТ СЫНАП ТАСТАДЫ (ВИДЕО)
Белгілі әнші Төреғали Төреәлі жуырда "Біртүрлі қыз” деп аталатын әнге түсірілген жаңа бейнебаянын халық назарына ұсынды. Бірақ, жаңа туынды бірқатар көрермендердің көңілінен шықпай, олар желіде жағымсыз пікірлерін жазып жатыр. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
Жуырда ғана түсірілген Төреғалидің жаңа бейнебаянын халық ұнатпай қалды. Олар "YouTube” әлеуметтік желісінде оның бұл клипі заманауи емес деген сын тақты. Сонымен бірге, олар клипке түскен актриса Әсел Мұстафаеваның да қылығын "ерсі” деп атады. Олар, айтуынша, "клипте басқа қыз болады деп күткен”.
"Онша емес екен, мен Төреғали ағамыздан бұл клипті күтпеп едім”, "Өлеңге сөз жоқ, керемет, бірақ, клип түсініксіз өлеңге сай емес”, "Соткаға түсірген ба? Ән жап-жақсы. Клиптің сапасы төмен екен”, "Төреәлі ренжімеңіз өлеңі күшті, бірақ клиптің мағынасы жоқ”, "Клип онша емес, Төре мəнді клиптер түсіруші еді, мұнысы не?, "Түу, Төреғали, машинада клип түсіру модадан шыққалы қай заман”, "Мына қыз шынымен біртүрлі екен”, "Осы қыз үнемі ашық-шашық жүреді”, "Басқа қызбен түскен дұрыс еді”- деп жазды олар.