Facebook WhatsApp Instagram

Оқиғалар

0

Қазалы ауданында көлік тіркемесіндегі шөп өртеніп кетті

Қазалы ауданында трактор тіркемесіндегі 46 орама шөп өртеніп кетті.
Оқиға Қазалы ауданына қарасты Басықара ауылы аумағында болды. Елді мекенге екі шақырым қашықтықта орналасқан алқапта «Т-150» тракторындағы екі тіркемедегі шөп жалынға оранған. 
«Оқиға орнына  аудандағы N9 өрт сөндіру бөлімінің мамандары барды. Трактор «Жалаңтөс батыр» ЖШС-не меншігінде болған. Өрт салдарынан екі тіркемедегі шөп пен тіркемедегі сегіз доңғалағы толық жанып кетті. Қазір өрттің шығуы мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: