Facebook WhatsApp Instagram

Оқиғалар

0

Қызылордада танысынан 7 миллион теңгені алдап алған алаяқ ұсталды

Облыс орталығының тұрғыны өзінің танысынан 7 миллион теңгені «қайырымды» сылтаумен алдап алған. Ол жәбірленушіге жақсы пәтер алуға көмектесуге, яғни нарықтық бағадан төмен бағамен алып беругеуәделескен. Жәбірленуші қуана келісіпқолындағы ақшаны құрбысына берген.

Әдеттегідей, жәбірленуші уәде берген уақытты күтіп жүрген. Құрбысының ұзақ уақыт хабарсыз кеткенін түсінген кезде, оған қоңырау шалғанда телефоны өшірулі болады. Сонда ғана ол алаяқтың арбауына түскенін түсініп, полицияға арызданады.
Жедел іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының тұрғыны, бұрын сотты болған 44 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: