Facebook WhatsApp Instagram

Оқиғалар

0

Аранды ауылдық клубы жаңа кейіпке енді

Қазалыда «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы мәдениет ошақтарының жаңа кейіпке енуіне көп септігін тигізуде. 
Аталған жоба аясында биыл Аранды ауылындағы клубқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде ауылдық клубтың ажары артып, тұрғындардың қуанышында шек жоқ.
Құрылыс жұмыстарын жүргізген «Аңсат-құрылыс және С» ЖШС клубтың шатыры мен терезелерін, еденін жаңартып,ішкі-сыртқы сылақтарын қазіргі заман талаптарына сәйкес етіп сылады. Бұл жұмыстарға аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен ауылдың 3 жұмыссыз азаматы тартылып, еңбек етті.
Енді жаңаша кейіпке енген ауылдық клуб тұрғындарға жаңаша қызмет көрсете бастайды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: