Қызылорда облысы Шиелі ауданында 51 жастағы азамат каналға суға батып кетті.
Оқиға Шиелі ауданына қарасты Н.Бекежанов атындағы ауыл маңындағы каналда болды. Қызылорда қаласында тұратын 51 жастағы азамат сол аумақта суға батып кеткен.
«Мәйіт жергілікті уақытпен 18.20-да жағаға шығарылды. Жансыз дене ол азаматтың суға түскен орнынан екі метр қашықтан табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің өкілдері.