Қызылорда қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Коллегиясы жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері бойынша консультативтік комитетінің дөңгелек үстелі өтті.
Бұл шара «Еуразиялық экономикалық одақ аймағындағы бірыңғай қызметтер нарығы мен жалпы қаржы нарығы жағдайындағы бизнесті дамыту перспективалары» тақырыбына арналды. Шара жұмысына ЕЭК департаментерінің басшылары, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» РМК, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен оның өңірдегі өкілдігі, Беларусь Республикасы Экономика министрлігінің Кәсіпкерлік депртаменті және т.б. өкілдері қатысты. Отырыста бірыңғай экономикалық кеңісік жағдайындағы кәсіпкерліктің өзекті мәселелері қаралды.