Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

 

Құрметті қызылордалықтар! Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық қоғамдық кеңес алаңында мемлекеттік мекеме жетекшілерінің қоғамдық қабылдау және тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдау ұйымдастырылады.
1-6 ақпан күндері аралығында облыс әкімінің орынбасарлары облыстық қоғамдық кеңестің алаңында тұрғындардың көтеріп жүрген өзекті мәселелері мен сауалдарына жауап беру үшін қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Ал, 31 қаңтар-13 ақпан аралығында облыстық басқарма басшылары тұрғындарды қабылдап, сұрақтарына жауап беретін болады.
Бірінші болып 1 ақпан күні сағат 15.00-де облыс әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлының қатысуымен медициналық қызмет көрсету сапасы мен тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы бойынша қоғамдық тыңдау болады. Онда емхана, аурухана және өзге де емдеу мекемелерінің қызметі, сондай-ақ, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, дәрі-дәрмек мәселелері қаралады.
31 қаңтар күні сағат 11.00-де осы Достық үйінде облыстық денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, еңбек саласындағы бақылау басқармаларының, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстық департаменті, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшылары тұрғындары әлеуметтік мәселелер бойынша жеке қабылдаулар өткізеді.
Облыстық қоғамдық кеңес алаңындағы қоғамдық тыңдаулар мен жеке қабылдауларға келіңіздер! Көкейлеріңізде жүрген сауалдарға жауап алыңыздар!
Байланыс телефондарымыз: 60-51-60

Облыстық қоғамдық кеңес.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: