Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық волейболшылар ел біріншілігіне дайындалуда

Қызылордалық «Қайсар» волейбол командасы ел чемпионатының 3-турына  дайындалуда. 
Жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасындағы  29-шы Қазақстан чемпионатының 3-туры ақпан айында Орал қаласында өтеді. 
Төртінші туры наурыз  айында, бесінші туры сәуір айында өтуі жоспарланған. Алғашқысы  былтырғы жылы қараша айында Оралда ұйымдастырылса, спортшылар желтоқсан айында  екінші турына Қызылорда қаласына жиналды.
Командада он төрт ойыншы бар, оның ішінде үш ойыншы Қазақстан құрама командасына үміткер. Команда капитаны - Азамат Рахов.
Қазіргі таңда қайсарлықтар Шымкент қаласындағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: