Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Қайсар» сырт алаңда «Яссы» командасын жеңді

Бүгін футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің екінші туры мәресіне жетті.


Биыл бірінші лигада барлығы 14 команда Премьер-лигаға берілетін екі жолдамаға таласады. Мамандар оған «Қайсар» (Қызылорда), «Жетісу» (Талдықорған) және «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары басты үміткер ретінде санайды. 
Алғашқы екі турда аталған үш команда ұпай жоғалтқан жоқ.
Екінші турда «Қайсар» сырт алаңда Түркістанның «Яссы» командасын 2:1, «Оқжетпес» елордалық «Жеңісті» 3:0 есебімен сүріндірді. 
Ал «Жетысу» өз алаңында «Астана-2» командасынан 1:0 есебімен басым түсті.

Екінші турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

«Екібастұз» (Павлодар облысы) - «Тараз-Қаратау» (Жамбыл облысы)  0:0
«Байқоңыр» (Қызылорда) - «Қыран» (Шымкент) 0:1
«Игілік» (Жамбыл облысы) - «Қайрат-2» (Алматы) 1:7
«Оңтүстік академиясы» (Шымкент) - «Шахтер-Болат» (Қарағанды) 4:1
Енді үшінші тур ойындары 30 сәуір күні өткізіледі.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: