Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қайрат Адамбеков: Атқарушы комитеттің әрбір мүшесі нақты мәселемен айналысады

Қазақстан футбол федерациясы техникалық орталығының жетекшісі Қайрат Адамбеков еліміздегі футболды дамытудың басым бағыттары жөнінде әңгімелеп берді. Бұл жөнінде федерацияның баспасөз хатшысы мәлім етті.

Қайрат Адамбеков: Атқарушы комитеттің әрбір мүшесі нақты мәселемен айналысады

 

Футбол федерациясының Атқарушы комитетінің жаңа мүшесінің айтуынша, Қазақстан футболының басым бағыттары - балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, сыбайлас-жемқорлықпен күрес, төрешілер қызметінің сапасын арттыру  және білікті бапкерлерді даярлау.
«Қазақстан футбол федерациясының басшылығына Ерлан Қожағапановтың келгеніне үш ай болды. Осы уақыт аралығында көп жұмыстар атқарылды. Біріншіден, ол өңірлерді аралап, аймақтардағы жергілікті федерациялардың өкілдерімен кездесті. Футбол инфрақұрылымы, балалар-жасөспірімдер футболының жағдайы, төрешілер корпусы және бапкерлер кеңесінің жұмысымен танысты. Бүгін бұл сұрақтардың барлығы Атқарушы комитет мүшелерін сайлау үшін қойылды, - деп бастады Қайрат Адамбеков. - Атқарушы комитеттің құрамы футболды дамыту бағдарламасын қабылдау тапсырмасына байланысты кеңейтілді. Сол себепті Атқарушы комитеттің барлық мүшелері мәселелі сұрақтармен айналысады.
Бірінші сұрақ - бұл балалар мен жасөспірімдер футбол. Біз футбол орталықтары аштық, алайда жасөспірім футболшылар бұл орталықты аяқтағаннан кейін қайда ойнайды? Бұл маңызды сұрақтардың бірі.
Екінші сұрақ - инфрақұрылым. Еліміздің солтүстік, батыс және орталық аймақтарында қыс мезгілі ұзаққа созылады. Жабық стадиондар қажет. Кем дегенде үш-төрт мың жанкүйерге арналуы керек.   Ойындар ерте басталады. Футбол алаңдарының сапасын жақсарту да негізгі міндеттердің бірі. Жеке футбол алаңдары бар, сол себепті балалар басқа жерде доп тебе алмайды.  
Үшінші сұрақ - сыбайлас-жемқорлықпен күрес. Ең бастысы - төрешілер қызметінің сапасын арттыру. Төрешілер ойында жоғары қазылық етсе, онда стадионға жанкүйерлер көптеп жиналады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: