Василий Маруняк жасөспірімдер құрамасына жетекшілік жасайды
Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде өткен бапкерлер кеңесінде Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножанның Исландия мен Ресейге қарсы өткізген ойының есебі тыңдалды. Сонымен қатар, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялис Финляндия және Эстониямен өткен кездесуін қорытындылады.
Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің хабаралуынша, бапкерлер кеңесінде 16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып Василий Маруняк тағайындалды. Бұл құрама Бакуде өтетін «Кубок Развития» халықаралық турнирге қатысады.
Василий Маруняк осы уақытқа дейін «Цесна», СДЮШОР №2 (Алматы), РКС (Алматы) мектептерінің жасөспірімдер командаларын жаттықтырды.