Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазалыда Кеңес одағының 5 батырына жарыс басталды

Қазалыда Кеңес одағының 5 батырына жарыс басталдыҰлы Жеңістің 70 жылдығына орай қазалылық Кеңес Одағының 5 батырына арналған 2001 – 2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футболдан республикалық турнир басталды. 
Аудан әкімі Бахыт Жаханов турнирге қатысушыларды құттықтап, ойыншыларға сәттілік тіледі. Турнирге Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан, сондай-ақ, көршілес аудандарынан жасақталған барлығы 8 команда келді. Ойынды Қазалы спорт клубы мен Байқоңыр қаласының командасы бастап, 4:1 есеппен Қазалы ойыншылары алға шықты. 
Турнир 7 мамырға дейін жалғаспақ. Айта кетейік, Ұлы Отан соғысында 600-ден астам қазақстандық, 22 қызылордалық Кеңес Одағының Батыры атанса, оның 5-і қазалылық батырлар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: