Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық журналистер республикалық турнирден олжалы оралды

Қызылордалық журналистер республикалық турнирден олжалы оралдыӨткен аптаның жексенбісінде Астана қаласындағы "Астана-арена" стадионында футзалдан журналистер арасында белгілі спорт журналисі Сейдахмет Бердіқұловты еске түсіруге арналған дәстүрлі турнир болды. Оған Астана, Алматы қалалары мен Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан командалар қатысты.
Сыр елінің журналистері жақсы ойын көрсетті. Олар өз тобынан озық шығып, ширек финалда да ширақтық танытты. Осының нәтижесінде жартылай финалға дейін алқынбай жетті. Өкінішке орай, бұл жолы сүрініп, ендігі кезекте үшінші орын үшін сайысатын болды.  Үшінші орын үшін сайыста Оңтүстік Қазақстан облысынан келген әріптестерімен шеберлік байқасып, жеңімпаз ойын соңынан кейінгі пенальти тебуден анықталды. Есеп 3:1. Қызылордалық журналистер үздік үштіктен көрінді. Айта кетелік, жерлестеріміз бұл жарысқа тұңғыш рет қатысып отыр. Өткен жылы олар Шымкент қаласында болған "Оңтүстік Қазақстан" газетінің 90 жылдығына арналған футзалдан журналистер арасындағы аймақтық жарыста да үшінші орын алған еді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: