Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Шымкентте УЕФА Даму Кубогы басталды

Шымкентте УЕФА Даму Кубогы басталдыШымкентте УЕФА Даму Кубогының алғашқы туры өтті. Турнирге 19 жасқа дейінгі Қазақстан, Әзірбайжан, Эстония құрамалары және 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы қатысуда. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.  
Турнирді 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы мен Эстония құрамасы ашты. Алғашқы таймда ойын тең дәрежеде өтіп, қазақстандық футболшылар есеп ашты. Бірінші таймға берілген қосымша уақытта команда капитаны Виктория Попкова мергендік танытты. Екінші таймда тәжірибелі эстониялық футболшылар  Алина Фетисова мен Джессика Улексин соққан голдардан кейін жеңіске жетті. 
Екінші кездесуде Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары тартысқа түсті. Әзірбайжандық футболшылар сапында Нигар Джаллили мен Кристина Бакарандзе көзге түсті. 
 
Эстония – Қазақстан U-17 2:1 (0:1)
Голдар: Фитисова 57, Улексин 66 – Попкова 45+2
Эстония: Хобесалу, Яансен (Кадасту 68), Саар (К) (Вахер 78), Тамм (Улескин 46), Стригин (Рауд 78), Иванова (Пажуметс 68), Роомуссаар, Копатс (Репкин 68), Пурге (Таммик 46), Туллус, Фитисова. Резерв: Марессар, Рутковская.
Қазақстан: Сырлыбай, Садықова (Серғалиева 46), Попкова (К), Вахитова (Жәутікова 80), Смағұлова (Жақсынбай 46), Ақбаева (Волкова 46), Сайдолла, Әмірбек, Низамутдинова (Өтегенова 46), Қожахмет, Старикова (Горбачева 46). Резерв: Шалқар, Корякова, Сұлтанбекова
Ескерту: Әмірбек 64 (Қазақстан)
Төрешілер: Т.Сорокопудова (Қазақстан), Л.Кәрімова (Қазақстан), А.Уәлиева (Қазақстан)
16 маусым. Шымкент. «Намыс» стадионы. 200 жанкүйер
 
Қазақстан – Әзірбайжан 0:2 (0:1)
Голдар: Джаллили 31, Бакарандзе 54
Қазақстан: Қасымбек, Спаданейко, Алтыбекова, Сатлер (К), Әбішева,  Бортникова, Әубәкір, Әбдірахманова (Шмидт 46), Тұрлыбекова, Хайруллина, Сапарова (Аверина 71). Резерв: Момынова, Закаряева, Әнуар, Титанова, Киричкова, Горенко,  Головатская.
Әзірбайжан: Шарифова,  Лоа,  М.Ортиц, Моляева, Джалилли, Бакарандзе (Халиева 85), Алиева (Теймурова 73), Санчес, Мансимова (Мамадова 61), С.Ортиц (Михаелис 46), Илтар (Гасимова 61), Резерв: Исмаилова, Релея, Мамадова.
Ескерту: Аверина 77 – Илтар 30
Төрешілер: Л.Хасанова (Қазақстан), Д.Үсенова (Қазақстан), Е.Абжан(Қазақстан)
16 маусым. Шымкент. «Намыс» стадионы. 250 жанкүйер.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: