Жақында Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» спорт кешенінің күрес залында КСРО спорт шебері Дүйсен Смайловты еске алуға арналған еркін күрестен 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Осымен жетінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Алматы, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 11 команда, 200-ге жуық спортшы бақ сынады.
Жарыстың мақсаты - КСРО спорт шебері Дүйсен Смайловты еске алу, жасөспірімдер арасында еркін күресті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, палуандардың спорттық шеберлігін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында жеңімпаз атанған спортшылар: 42 келі: Бекнұр Тойғазы (Қызылорда обл.), 46 келі: Исламбек Хаджимид (ОҚО), 50 келі: Асыл Айтақын (Алматы обл.), 54 келі: Санжар Досжанов (Алматы обл.), 58 келі: Азамат Бәкірат (ОҚО), 63 келі: Елдар Жолболсын (Алматы обл.), 69 келі: Мұратбек Мажитов (Ақтөбе обл.), 76 келі: Нұрасыл Жеткерген (Қызылорда обл.), 85 келі: Қайсар Тұрбергенов (Алматы обл.), 100 келі: Самат Тәжі (Қызылорда обл.).
Қыздар арасында 30 келі: Балжан Амангелді (Қызылорда обл.), 34 келі:
І - орын: Радмира Генг (ОҚО), 40 келі: Айша Каппар (Қызылорда обл.), 46 келі: Зина Кыстаубаева (Қызылорда обл.), 52 келі: Жансая Сайдуллаева (СҚО), 60 келі: Гүлсезім Бухабаева (Ақтөбе), +65 келі: Виктория Колобылина (СҚО).