Жалағаш ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев спортшыларды қабылдады. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Қабылдауға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық «Наркескен» спорт клубы, Мәдениет ауылының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Жалағаш ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, спорт ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты. Аудан әкімі Талғат Тұрсынұлы қабылдау барысында аудандық спорт саласының жеткен жетістіктерін айта келе, спорт күні мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта байрақты бәсекеде алда болуға тілек білдірді. Сонымен қатар спорт саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген бірнеше спортшылар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.