«Қайсар» футбол клубының ұжымы шабуылшысы Жасұлан Молдақараевты екінші рет әке атануымен құттықтайды.
Бүгін «Қайсар» командасының шабуылшысы Жасұлан Молдақараевқа келіншегі шекесі торсықтай ұл тауып берді.
-Құттықтауларыңызға рахмет! Қазір келіншегім мен балам өздерін жақсы сезінуде. Әлі атын қойған жоқпыз. Иншаллаһ, ертең «Оқжетпесті» жеңейік, бұл жайлы содан кейін ойлана жатармыз, - деді бақытты әке.
Өз кезегінде «Қайсар» футбол клубы Жасұлан Молдақараевқа тағы да бауы берік болсын деп, балаға және өздеріне бақыт, денсаулық және отбасылық береке тілейді.