Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Асық ату «Алтын күз» спартакиадасына енгізіледі

Асық ату «Алтын күз» спартакиадасына енгізіледіОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының  алқа мәжілісі  «Мұз айдыны» спорт кешенінің мәжіліс залында өтті. Мәжіліске аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлім басшылары мен балалар-жасөспірімдер спорт  мектептерінің директорлары, орынбасарлары қатысты. 
Мәжілісті бастау алдында басқарма басшысы Садық Мұстафаев 4 спортшыға, атап айтсақ, дзюдодан Айдана Ермахан, Бекбол Асанханов, бокстан Данияр Қауышқан және грек-рим күресінен Айдос Мұқанға Қазақстан Республикасының  спорт шебері куәлігін  тапсырды. 
Алқа мәжілісін басқарма басшысы Садық  Мұстафаев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде биылғы жылдың үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының, Жалағаш аудандық дене шынықтыру мен  спорт бөлімінің Мәдениет ауылының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің  жоғары білікті спортшылар мен  спорт резервтерін дайындау және «Нұрсәт» теннис орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  жұмыстары жайлы   хабарламалар жасалды. 
Сондай-ақ, ұлттық асық ату ойынын ауыл спортшыларының «Алтын күз» облыстық спартакиадасының бағдарламасына енгізу және үстіміздегі жылғы 15-20 қазан аралығында Қызылорда қаласында болатын ұлттық спорт түрлерінен IV фестивалін ұйымдастыру жайлы ағымдағы мәселелер талқыланды. Алқа мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдады. 








Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: