Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ"Мұз айдыны" СК ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында спартакиада басталды.
Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласынан 15 команда қатысуда. Спартакиада спорттың 6 түрінен (волейбол, баскетбол, шағын футбол, дойбы, тоғызқұмалақ, арқан тарту) өткізілуде. Дүбірлі бәсекенің ашылу салтанатында сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев пен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Меңлібаев жарысқа қатысушыларды құттықтады. Жеңімпаз командалар 7 желтоқсан күні анықталатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: