ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Қазалы ауданында өскелең ұрпақты Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында оқушылар арасында пневматикалық мылтық атудан жарыс өтті.
Жарысқа 25 мектептен 75 оқушы қатысып, өздерінің мергендіктерін көрсетті. Жарыс нәтижесінде 114 ұпай жинаған №91 мектеп командасы І орынды жеңіп алды. №70 мектеп командасы 106 ұпай жинап, ІІ орынды, №94 мектеп командасы 104 ұпай жинап, ІІІ орынды иеленді. Жарыстың жеңімпазы мен жүлдегерлері «Отан» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазалы аудандық өкілдігінің арнайы кубогы мен мақтау қағаздарымен марапатталды.