Мексика футболында оқыс оқиға орын алды. Сол елдің Тулансинго қаласында әуесқой командалар арасындағы кездесу өтіп жатты, деп жазады Seykhuninfo.kz.
Ойын барысында футболшы Рубен Ривера Васкес тәртіп бұзды. Оған төреші қызыл қағаз көрсеткен еді. Бұған шыдай алмаған футболшы төрешіге қол жұмсады. Соның салдарынан төреші сол жерде жан тәсілім етті. Соққыда Виктор Трехо тыныс ала алмай қалған. Сол жерге құлап түсті. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Футболшы оқиға орнына қашып кеткен. Қазір іздеуде жүр.