Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ҚАЙСАР» БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ОЙЫНШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ


Бүгін облыс әкімі Қ. Көшербаев «Қайсар» футбол клубының жаттығуын тамашалап, спортшылар мен команданың жаттықтырушы құрамымен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы футболшыларға жаңа жеңістер тіледі.
«Қазір стадионды қайта жаңғырту жұмыстары сапа стандарттарының талаптарына сай өз деңгейінде жүргізілуде. Келесі жылы сол жағалауда 3500 орынға арналған жабық алаңның құрылысы басталады»,-деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде, ойыншылар жанкүйерлердің үмітін ақтауға уәде берді.
Еске сала кетейік, «Қайсар» командасы ҚР чемпионатының қорытынды кезеңін өткізуде. Кешегі қарағандылық «Шахтерға» қарсы матчта 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды 3 айналым бойынша бүгінде 4 матч өткізіп, ойыншылар 7 ұпайға ие болды. Алда тағы 7 матч өткізетін болады. Естеріңізде болса, маусым басында облыс әкімі футболшыларға кемінде бесінші орында болуды тапсырған еді.
Атап өтейік, биыл «Қайсар» клубының құрылғанына 50 жыл толады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: